Ел өміріндегі елеулі сәт
Біз, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені жұмысшылар ұжымы жаһанда қалыптасқан күрделі жағдайда кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын өткізу дер кезінде қабылданған маңызды шешім деп білеміз және барша отандастарымызды осы тарихи сәттен тыс қалмауға шақырамыз. Бүгінде еліміз гүлденіп, әлемнің алпауыттары санасатын саяси беделге ие болды. Тәуелсіздіктің 24 жылында мемлекетіміздің берік іргетасы қаланып, бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделі қалыптасты. Әлемде баламасы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде тұрып жатқан 130-дан аса ұлыстың ұйытқысы болып, ұлтаралық татулықтың тұтқасына айналды. Мызғымас ауызбірліктің арқасында мемлекетіміз өзгелер ғасырларын сарп еткен асуларды аз уақыт ішінде бағындырып, дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылды. Енді алдымызда озық 30 елдің көшіне кіру міндеті тұр. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – осы мақсатқа бағыт сілтер басты құжат. Бағдарламада еліміздің әрбір азаматын сапалы біліммен, тұрақты жұмыспен, тегін медициналық қызметпен, кедергісіз келешекпен және алаңсыз зейнетпен қамтудың нақты жолдары ұсынылған. Осынау игі істерді жүзеге асыруға біз де атсалысуға әзірміз. Біз, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің жұмысшы ұжымы, мемлекетіміздің әрбір азаматын 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға қатысуға шақырамыз. «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің жұмысшылар ұжымының мәлімдемесі
Ұқсас жаңалықтар
Саяси оқиғаларға «малынған» мамыр айы...
- 3 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді