Көктем лебі
Наурыз келді далама, көктем келді,
Гүл құлпыртып тау-тасты, көк пен жерді.
Алты ай бойғы ақ қыстан арылдық та,
Сағынышқа баладық өткендерді.
Күн нұрындай жайнаған қуаныштан,
Бала біткен мәз болып, құрақ ұшқан.
Келген құстың қаңқылы жетеді әлсіз,
Тырналардың тырауы ту алыстан.
Төрт түліктер төлдеуде жамырасып,
Бүршік атты тал басы тағына шық.
Қыз-бозбала сезімін тербетуде,
Асыққандай болуға тағы ғашық...
Енді ғана кеңейіп ауыл демі,
Гүлге толды етегі тау іргелі.
Күн өбеді бетіңді жылы ғана,
Майда қоңыр сипайды сәуір лебі. Ұлан Кәдір, «Болашақ» мектеп- интернатының оқушысы. Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Қаламгердің шығармасы өз дауысымен жазылады
- 5 наурыз, 2026
Ақжал ақын Серік Томановтың туғанына – 70 жыл
- 4 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




