«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сібірдің жанашыры еді...

 Сібірдің  жанашыры еді...
ашық дереккөз
Сібірдің жанашыры еді...
Мәскеуде орыстың белгілі жазушысы Валентин Распутин 78 жасында қайтыс болды. «Жазушы Валентин Распутин Мәскеуде өзінің туған күніне бір күн қалғанда, 78 жасында қайтыс болды. Ол төрт күн есін білмей жатты. Марқұммен қоштасу Мәскеуде өтетін шығар. Ал сүйегі Иркутскіге қойылады», – деді жазушының немересі. Ресей Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Геннадий Иванов қаламгердің Мәскеу клиникаларының біріне жатқызылғанын хабарлап: «Оның Мәскеуде жүргеніне біраз уақыт болды. Соңғы кездері үйінде еді, өзін оншалықты жақсы сезінбей жүрді», – деген болатын. Валентин Распутин 1937 жылғы 15 наурызда Иркутск облысы Усть-Удэ ауданындағы Аталанка селосында дүниеге келген. Ол – Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Ресей мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Оқырман қауым қаламгерді «деревня» прозасының шебері ретінде біледі. Оның кеңінен танымал туындыларының қатарында «Матёрамен қоштасу», «Марияға арналған ақша», «Француз тілінің сабақтары», «Соңғы мәулет», «Ғұмыр бойы ұмытпа» және «Өрт» деп аталатын белгілі хикаяттары бар.

Ұқсас жаңалықтар