«Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы алғашқы отырысын өткізді. Штабты Мұхтар Құл-Мұхаммед басқаратын болды.
– Мемлекет басшысының республикалық штабын басқару маған тапсырылды, – деді М.Құл-Мұхаммед. Еске сала кетейік, осыдан біраз күн бұрын Мемлекет басшысының Өкімімен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылған еді. Ол «Нұр Отан» партиясының он алтыншы съезінде кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсыну туралы бірауыздан шешім қабылданғанын айта келе, онда Елбасының баршаға бірдей осы заманғы мемлекет, бес институционалды реформа атты бірегей бағдарламасын арнағанын айтты. Бұл бағдарламада Елбасы кәсіби әрі автономиялы мемлекеттік аппарат қалыптастыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және әртараптандыруға негізделген экономикалық өсім, болашағы біртұтас ұлт, транспарентті және есеп беруші мемлекет сияқты ел дамуының басым бағыттарын айқындап берді. «Нұр Отан» партиясының осы шешіміне еліміздің жетекші саяси партиялары, атап айтсақ, «Ақ жол» партиясы, «Патриоттар партиясы», «Ауыл», «Бірлік» партиясы қосылды. «Жалпыхалықтық пікірлерге байланысты бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы құрылды. Штабты басқаруды Елбасы маған тапсырды. Осы ретте, Елбасына өз атымнан алғысымды айта отырып, штаб жұмысын барынша жоғары деңгейде атқарып шығу үшін бар күш-жігерімізді, тәжірибеміздi жұмсаймын деп сөз береміз», – деді ол. Штаб құрамына жоғарыда айтқан саяси партиялардың жетекшілері, белгілi мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен шығармашылық адамдар, кәсіпкерлер мен журналистер, спортшылар кіреді. «Біз Президенттікке кандидат Н.Назарбаевқа жан-жақты қолдау көрсетумен, оның сайлауалды тұғырнамасын түсіндіру жөніндегі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен және сенімді өкілдердің жұмысын үйлестірумен айналысатын боламыз. Сайлауалды науқан аясында біз Қазақстанның барлық өңіріне барып, сайлаушылармен кездесеміз. Біздің мақсатымыз – әр елді мекенге барып, еңбек ұжымдарымен кездесу. Осыншама ауқымды және жүйелі жұмысты қамтамасыз ету үшін бүгінгі таңда біздің кандидатымызды қолдау жөнінде облыстық, қалалық, аудандық штабтар құрылуда. Осындай ұстанымдар арқылы біз сайлауалды науқанды мейілінше жоғары деңгейде өткізетіндігімізге нық сенімдіміз», – деді М.Құл-Мұхаммед.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді