Біз «Мыңарал тас компани» Жамбыл цемент зауытының еңбек ұжымы өзіміздің азаматтық ұстанымымызды білдіріп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенттігіне сайлауға түсуін құптай отырып, үлкен қолдау білдіреміз. Біз еліміздің жоғары технологиялық индустриалды-инновациялық платформа құру саясатын толық ұстанамыз. Қазақстанда ішкі нарықпен қатар, сырт мемлекеттерде де көп сұранысқа ие тауарлар өндірісі қарқынды дамып келеді. «Нұрлы жол» экономикалық саясатының іске асырылуы құрылыс және индустрияландыру саласына тың серпін бергенін атап өткіміз келеді. Тек қана жол құрылысын жүргізу барысында 200 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Астана қаласында «ЕХРО-2017» көрмесі мен транспорттық жүйенің құрылысы жалғасын табуда. Президенттің тапсырмасына сай жалдамалы тұрғын үй мен әлеуметтік бағытқа, бірінші кезекте балабақшалар мен мектептер құрылысына қыруар қаржы бөлінуде. Қазақстанды көркейту мақсатында жасалып жатқан барлық жобалар қазірдің өзінде нақты нәтижесін беруде. «Мыңарал тас компани» Жамбыл цемент зауытының еңбек ұжымы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенттігіне сайлауға түскенін бірауыздан қолдап, қуаттайды!
«Мыңарал тас компани» Жамбыл цемент зауытының еңбек ұжымы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




