Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі емтиханынан өтті
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тіл бойынша міндетті емтиханнан өту үшін Орталық сайлау комиссиясына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Осы уақытқа дейінгі президенттікке кандидаттар секілді Нұрсұлтан Назарбаев үш сұраққа жауап берді. Біріншісі – «Біздің күшіміз бірлікте», екіншісі – биыл 100 жылдығы тойланып жатқан Ілияс Есенберлиннің шығармашылығы туралы, оның үстіне Қазақ хандығының 550 жылдығы да бар. Үшінші сұрақ – еркін сөйлеу «Бабалар сөзі – даналық көзі», – деп түсіндірді ҚР ОСК лингвистикалық комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы бұл сыннан сүрінбей өтті.
«Артық-кем айтып неғылайын, Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ халқының алдында бүгінге дейін өтпеген сыны жоқ. Осы сыннан да ол кісі ойдағыдай өтті. Біз тіл мамандары ретінде ерекше бағалап отырмыз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытынды жасап отырмыз», – деп түйді М.Жолдасбеков.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді