Қуана құптаймын!
Мүтәліп ЕРЕЖЕПБАЙҰЛЫ,
Ұлы Отан соғысының ардагері.
Тоқсанға келген жасым бар, көпті көрген басым бар. Еліміз тәуелсіздік алғалы еңсемізді тіктедік. Ел болып таққа отырғызған Елбасымыз да сенімді ақтады, үдеден шықты, қазақтың көкейіндегі арман-мұратқа жеттік. Әлі де жетеріміз көп. Халқы үшін қайда жүрсе де күш-қайратын аямайтын Елбасымыздың алдағы сәуір айында өтетін сайлауға қатысуға келісім беруі мені де марқайтып тастады. Бұл ел басында аздаған қиын-қыстау күн келген ерекше кезеңде қолға алынып отырған елдік науқанда барша қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім артады деп ойлаймын. Өйткені, ол халқының жасына, ұлтына, діни-нанымына қарамастан бірдей қарап, бірдей қолдауын аямай келеді. Біздегі бірлік пен ынтымақты сақтап отырған сол – Елбасымыздың көп бағытты, гуманистік саясаты. Біз осы үшін Президентімізбен мақтанамыз.
Қарап отырсақ, Жер жүзінің жон арқасында небір зобалаңдар өрбіп жатыр. Құдды бір дүниенің асты үстіне келгендей. Соңғы 20-30 жылда әлемнің төрт құбыласында қаншама сойқанды соғыстар, неқилы қарулы қақтығыстар, атаулы-атаусыз қаншама төңкерістер болып өтті. Әлі де өтуде. Күнделікті теледидардан көретініміз де, еститініміз де сол болды.
Аллаға шүкір, еліміз ондай пәлелерден дін аман. Керісінше ара-жігі ажырағандарға аталы сөз айтып, ара ағайындық танытатын болып жүрміз. Осының бәрі – Алланың арқасы. Сосын көреген басшы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы. Елбасының сайлауға түскенін қалағанымыз анық. «Нұр Отан» партиясының кезекті өткен съезінде бүкіл елдің күткен жауабы табылды. Нұрсұлтан Әбішұлының кандидатурасы бекітілді. Осылайша ел тізгінін Елбасыға тапсыруға кезекті мәрте жол ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді