Бас редакторлар клубының хартиясы
Бұқаралық ақпарат құралдарының этикалық нормаларды сақтауы туралы Хартия қабылданды Бас редакторлар клубы алдағы кезектен тыс президент сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдарын этикалық нормаларды сақтауға шақырды.
Бұл ретте Астанада Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлау науқаны барысында бұқаралық ақпарат құралдарының этикалық нормаларды сақтауы туралы Хартия қабылданды.
Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбайдың айтуынша, аталған құжат бұған дейін еліміздегі БАҚ-тардың редакцияларына жөнелтілген екен. Бүгінге дейін Хартияға оннан астам ұжым қол қойыпты.
– 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін ҚР Президентін кезектен тыс сайлау науқанын демократиялық тұрғыда, халықаралық талаптарға сай, әділ де ашық өтуіне бұқаралық ақпарат құралдары да бір кісідей жұмылуы керек. Хартия Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Сайлаулары туралы, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарға сәйкес әзірленіп, барлық үміткерлердің ақпарат құралдарына бірдей мүмкіндікке ие болуына жағдай жасауға бағытталған. Сондай-ақ, бұл құжат адамның, қоғам мен мемлекеттің жалпыға бірдей танылған құқықтары мен бостандықтарының сөзсіз басымдығына негізделген, – деді Хартия мазмұнымен таныстырған Б.Жексенбай.
Жиынға қатысқан «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Әбдірахманов, «Қазақстан» телерадио корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Александр Тараков, «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Дәурен Дияров және басқалар Хартияның маңыздылығына тоқталып, өздері басқарып отырған ұжым мүшелері бірауыздан қолдау білдіретіндерін айтты.
Хартияға қол қойған ұжымда еңбек ететін журналистер қауымы сайлауды көрсету кезінде ҚР заңнамаларын, журналистердің кәсіби этика нормалары мен мінез-құлық ережелерін бұлжытпай сақтауға, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлердің абыройы мен іскерлік беделіне, жеке басына нұқсан келтіруі ықтимал ақпараттарды таратпауға, ақпарат көздерін, әсіресе, егер олар күдік тудыратын болса тексеруге алуға, үгіт жарияланымдары мен ақпараттық хабарламалар арасындағы айырмашылықты нақты ажыратуға, белгіленген тәртіп пен әлеуметтік сауалнама жүргізу шарттарын ұстану, сауалнама нәтижелерін жариялау кезінде аудиторияға берілген сауалнама жауаптары тек қана болжам екенін ескерту және сауалнама нәтижелері туралы немесе сайлауға бес күн бұрын және дауыс беру күнгі алдын ала нәтижелер туралы материалдарды таратпауға міндеттеме алды.
Айта кетейік, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі бүгінде құрамында 250-ге жуық республикалық БАҚ-тың беделді басшыларын біріктіретін ірі медиа қауымдастық. Ұйым ел тәуелсіздігін нығайту, демократиялық қоғам құру, кәсіби ақпараттық кеңістікті дамыту жолында, сондай-ақ, республикада тұрақтылық пен ұлтаралық ынтымақтастықты баянды ету тұрғысында қызмет етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді