Ердің ері ғана елін өрге сүйрейді
Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруге бағыт ұстаған еліміз қазіргі таңда тарихи таңдау алдында тұр. Өздеріңіз естіп, біліп отырғандай Президент сайлауын мерзімінен бұрын биыл өткізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын қоғам өкілдері қызу қолдап, қуаттады. Көп талқысынан өткен ұсынысқа Мемлекет басшысы нүкте қойып, Қазақстан халқына Үндеу жолдады, кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Әрине, бір жылда қос бірдей сайлау өткізу ел экономикасымен қатар, еңбек үдерісіне де ауыр тиеді. Әрі бұл конституциялық нормаларға қайшы. Оның үстіне дүниежүзі елдерін шарпыған қаржылық дағдарыстың салқыны тағы бар. Міне, осындай факторларды ескере келе, Елбасы кезекті рет салиқалы шешім қабылдады. «Сайлау елімізді ұлы істерге ұйыстырып, баянды болашақ жолында біріктіре түсетіндігіне сенімдімін» деді Елбасы өзінің Үндеуінде.
Бүгінде көпшілік арасында «Алдағы сайлауда еліміздің тізгінін кімге сеніп тапсырамыз?» деген сұрақ қызу талқыланып жатқаны даусыз. Мемлекет басшысы алдағы сайлауға өзінің қатысатыны-қатыспайтыны туралы шешімді кейінірек қабылдайтынын айтса да, ел тағдырын Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевсыз елестету әсте мүмкін емес. Тәуелсіздіктің таңсәрі жылдарында Елбасының «Мен елімнің жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын» дегені әлі күнге дейін жадымызда. Президент халық алдында берген антына адалдық танытып, тәуелсіз елімізді дамудың даңғыл жолына бастады. Алысқа ұзамай-ақ кезінде бір одаққа қараған көршілес мемлекеттерде төңкерістер орын алғанда, біздің халқымыз берекелі бірлік пен жарасымды тірліктің тізгінін ұстады. Аз жылда ажарлы Астана салдық. Бас қала өрлеу мен өркендеуге жол ашты. Ынтымақтың арқасында ғасырға бергісіз ғаламат белестерді бағындырдық. Осының барлығы айтуға оңай көрінеді. Әйтпесе, жас мемлекетті қалыптастыру, оны аяғына нық тұрғызып кемел келешекке бастау – ердің ерінің ғана қолынан келетін тірлік. Міне, Елбасымыз осылайша сындарлы жылдарда сүрінбей, алысты болжай білетін стратег саясаткер екендігін іс жүзінде дәлелдей білді. Президент жария еткен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының мәні терең, маңызы зор. Тек оны жүзеге асыру керек.
«Көп тілегі – көл» деген. Жүрек түкпірінде баянды болашаққа бағытталған батыл бастамаларды табандылықпен әрі табысты жалғастыру үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кезектен тыс Президент сайлауына қатысса екен деген тілек бар еді. Сол тілек кешегі өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде орындалды. Мен соған қуанамын.
Айман ТІЛЕУКЕЕВА, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді