«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Барлығы үшін бас иемін

Барлығы үшін  бас иемін
ашық дереккөз
Барлығы үшін бас иемін
Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған уақытынан бері ел ынтымағы жолында еңбек етіп келе жатырмын. Осы жылдар аралығында Қазақстанды мекендеген барлық ұлт пен ұлыстың айнымас достығын әлемге паш ете алдық. Биыл – еліміз үшін үлкен мерекелердің жылы. Мұндай айтулы кезеңде де Ассамблея мүшелері шет қалмайтыны сөзсіз. Біздің еркін өмір сүруіміз бен бақуатты ғұмыр кешуімізге, тіліміз бен салт-санамызды сақтап қалуға мол мүмкіндік жасап отырған Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа айтар алғысымыз шексіз. Мен ол кісіге барлығы үшін де бас иемін. Бүгінде күллі әлемді Украинада орын алып отырған қақтығыстар алаңдатады. Менің сол мемлекеттің Донбасс қаласында досым бір ұлымен тұрады. Оның үлкен ұлы Киевте. Қақтығыстар кезінде екі ұлын бірдей әскер қатарына қайта шақыртқан. Сонда туған бауырлар бір-біріне қару кезенулеріне тура келеді емес пе? Осы секілді жан түршігерлік жағдай көптеген отбасының басына түскен. Ал біздің мемлекетіміздегі тыныштық пен татулық, мамыражай өмір кім-кімді де қызықтыратыны сөзсіз. Ендеше, халыққа бар жақсылығын жасап, түрлі саяси ойындардың құрбаны етпей отырған Президентіміздің жақсылығын жете түсінуіміз қажет. Біз қашанда онымен біргеміз! Біз Елбасына сенеміз және елімізбен мақтана отырып, ертеңгі күнімізге де сеніммен қараймыз!

Федор КЛИМЕНКО, «Дніпро» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар