Сенім серпіліске бастайды
Асаубай Майлыбаев, облыстың Құрметті азаматы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты. Біз бүгін тарихи тағдырымыздың тағы бір күрделі кезеңі – әлемдік дағдарыспен бетпе-бет келіп отырмыз. Өзінің өркендеу процесін әлемдік экономика айналымына ерте бастан еркін таңдап алған тәуелсіз Қазақстан ендігі жерде төрткүл дүниеге төтеннен төніп келген қиындық атаулыдан өзін оқшаулай алмайды. Осындай сын сәтте мемлекет пен халықтың есік қағып тұрған күйзелістен елді қақтырмай-соқтырмай аман алып шығу жауапкершілігі елді ойландырмай қоймайды. Сол арқылы президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу – өзін-өзі ойлаған ел үшін табиғи заңдылық.
Тәуелсіз Қазақстанның 23 жылғы тарихи тағдыры мынаны көрсетеді: Азаттық алғанда қазынасында қара тиын ғана қалған Қазақстан бүгінде Ұлттық қорының өзінде 72 миллиард АҚШ доллары бар мемлекетке айналды. Сонда ол кімнің құдіреті? Әрине, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған және бүгінгі жағдайына жеткізген Мемлекет басшысының арқасы. Оның алысты болжай алатын саяси көрегендігі, қандай жағдайда да сақадай сай тұратындығы, елдің ертеңін ойлауда ештеңеге, еш нәрсеге есесін жібермейтіндігі, әлемдік өлшемдегі харизмасы. Қазақстан халқының оған деген өлшеусіз сенімінің негізі осында жатыр. Оны біз ғана емес, шетелдіктер де мемлекеті мен халқының тағдырына ие бола алатын тарихи тұлға деп қарайды. Ендеше, күллі дүниеге дүрбелең туғызған мынау қиын-қыстау дағдарыста бізді одан абыроймен алып шығатын тек Нұрсұлтан Әбішұлы екеніне кім күмән келтіреді? Нұрсұлтан Назарбаевқа қажеттілік – мемлекеттік қажеттілік, бүкіл халықтық сұраным. Болашағымыздың баяны дәл осы концепцияға келіп тіреледі. Жалпы, Президент сайлауы – біздің әрқайсысымыздың, бүгініміз бен ертеңіміздің алдындағы аса зор жауапкершілігіміз. Ол жауапкершіліктің түпкілікті мәні – бірлік пен біліктілік, татулық пен тұтастық, сол арқылы тәуелсіз еліміздің айдай әлемнің алдында абыройын асырып отырған тарихи тұлғадан көз жазбау. Ол тұлға – Н. Назарбаев.
Біз, халық, Нұрсұлтан Әбішұлына сенеміз, ал Нұрсұлтан Әбішұлы бізге, халқына, оның жанқиярлық еңбегіне, бәсекеге лайық ар-намысына, жаңа заманның жасампаздығына, рухымыздың асқақтай беретініне сенеді. Осындай екі жақты сенімнің арқасында бүгін төбе көрсеткен, тіпті күні ертең болып қалуы мүмкін алмағайып жағдайларда да басымыздан бағымызды тайдырмай баянды өмір сүре береміз.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді