Саясат
Кәсіподақтар республика президенттігіне кандидат Назарбаевты қолдайды
- author «Ақ жол»
- 12 наурыз, 2015
- 249
Кәсіподақтар республика президенттігіне кандидат Назарбаевты қолдайды
Ағымдағы жылғы сәуір айының 26-сы күні өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында еліміздің қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты партияның атынан Республика Президенттігіне кандидат етіп ұсыну жөніндегі «Нұр Отан» партиясы ХVI съезінің шешімі облыс аумағында өткен әрқилы форматтағы жиындарда жан-жақты қолдау табуда. Соның бір көрінісі ретінде, «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйытқы болуымен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «ҚР Президенттігіне үміткер ұсыну және Жамбыл облысы кәсіподақтарының алдағы сайлаудағы ұстанымы туралы» тақырыбында өткен облыс кәсіподақтар активінің кеңейтілген жиналысын айтуға болады. Бірлестік төрайымы Бақыт Сапарбаева ашып, баяндама жасаған басқосуға салалық кәсіподақтардың облыстағы филиалдарының төрағалары, кәсіподақ белсенділері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдардың және жергілікті атқарушы билік органдары мен студент жастар қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кәсіподақтар активі жиынында баяндамашы Бақыт Сапарбаева және жарыссөзге шығып сөйлеген «Казфосфат» ЖШС Минералдық тыңайтқыштар зауыты кәсіподақ ұйымының төрайымы Юлия Фролова, облыстық коммуникациялар дирекциясының инженері, жастар кәсіподақ комитетінің төрағасы Арман Қалымбетов, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың студенттік кәсіподақ комитетінің мүшесі Айдана Тұрлыбаева, кәсіподақ ардагері Надежда Врублевская Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің санаулы ғана жылдарының аралығында-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа белеске көтеріп, ұлан-ғайыр істерді жүзеге асырғандығын, Елбасының халыққа сіңірген еңбегінің өлшеусіздігін республика тұрғындарының әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігінің бүгінгі деңгейі айғақтай алатындығын айта келе, еліміздің бүгіні жарқын, келешегі кемел болуы үшін барша кәсіподақ мүшелерін алдағы болатын Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында «Нұр Отан» партиясының атынан ұсынылып отырған Республика Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қолдау көрсетуге шақыратындықтарын мәлім етті.
Облыс кәсіподақтары активінің кеңейтілген жиналысы күн тәртібіне қойылған мәселе мен оны талқылау қорытындысы бойынша алдағы сайлауда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдау бойынша облыстың барлық кәсіподақ қауымдастығына және облыс еңбекшілеріне арнап үндеу қабылдады.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді