«Баласағұн» орталық концерт залында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Жайдарлы» Жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тарих маусымы» тақырыбында облыстық «Маусымашар-2015» ойыны болып өтті. Өңірдегі мектептер мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан жиналған командалар жайдарманның «маусымын» ашып, биылғы ойындарды бастап кетті.
Жалпы саны 24 команда қатысып, өнерлерімен көрермен көңіліне жол таба білді. Олар шымшыма әзілдерімен, уытты тілдерімен залға жиналған жұртшылықтың назарын өздеріне аударды. Көне дәуірлермен астастыра айтылған әзілдері бүгінгі күннің келбетін де көз алдымызға елестетті.
Бір сөзбен айтқанда, жаңа маусымның тұсауы сәтті кесілді. Жалғасы жарасымды жаңа дүниелермен толыға берсін!
Айнұр Әбиірбек, ТарМУ-дың студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




