Таңдауымыз – тұрақтылық
Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшелерінің үндеуін Мемлекет басшысы қабылдап, кезектен тыс өтетін президенттік сайлауды 26 сәуір күніне белгіледі. Бұл – аса жауапты кезең. Жамбыл политехникалық колледжінің ұжымы да осы саяси бастаманы зор ықыласпен қабылдады. Бұл ел мүддесіне ең қажетті тұста жасалған бастама. Қазіргі жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде елді тығырықтан алып шығатын мықты биліктің болуы барша қазақстандықтар үшін маңызды.
Ұлт көшбасшысы мемлекет тұрақтылығының кепілі, ал оның реформалары болашаққа бағдар, ертеңгі күнге сенім. Еліміздегі тұрақтылық пен татулық біздің келешегіміздің кепілі. Ал сол келешекті халқының қамын ойлап, бірлік пен ынтымақтағы өмірдің айшықты көрінісін Елбасымен бірге көреміз. Халқымыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл бастамалары мен көрегендігі, келешекті болжай алатын ерекше қасиетінің, сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстан Мәңгілік Ел болу жолында қарыштап дамып келеді. Әлемде дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену біздің басты міндеттеріміздің бірі. Елбасы ұсынған «Қазақстан – 2050 » ұзақмерзімді стратегиясы елдің бұлтармас бағдары.
Президенттің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы дер кезінде қабылданған маңызды шешім. Ондағы мақсатқа жету үшін қоғамда тұрақтылық қажет, ал тұрақтылық Елбасымен ұштасып тұр. Өз кезегінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму жолын таңдаған, бейбітшілікті ту еткен ел. Біздің мемлекетімізді бүгінде әлемнің көптеген елі танып, нық қадамдары мен тегеурінді бастамаларына қолдау білдіріп келеді.
Президент сайлауын өткізу халқымыздың мүддесі үшін өте маңызды, өте жауапты шешім болып табылады. Сондықтан да, Жамбыл политехникалық колледжінің ұжымы тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың кезектен тыс президенттік сайлауға түскенін қалайды. Ел қалаған Елбасы тұрақтылықтың, бірліктің, ынтымақтың, бейбітшіліктің кепілі екендігін қазақстандықтар ғана емес, күллі әлем мойындайды.
Жанар ОРЫНБАЕВА, Жамбыл политехникалық колледжінің директоры.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




