Ізгіліктің ізін іздеп кейде мен
Тылсым жырдың,
Салқын, саумал сертінен.
Айыға алмай елтіген,
Назаланып нәзік жүрек.
Бұлқынса,
Жырмен ғана серпілген.
Лас тірлік,
Тұншықтырса торында,
Қалам алам қолыма.
Мөлтілдейді жыр-лағыл,
Егізімдей торыға.
Сатылмайтын, өлшенбейтін
Ақшамен,
Есептеспей жасайтұғын
Тасқа да ем.
Ізгіліктің ізін іздеп кейде мен,
Тілдесемін аспанмен.
...Өмір неткен
Өлеңімдей астарлы ең.
Күн күлімдеп,
Ай сәулесін шашқанмен.
Қанағатсыз жылт етеді бір үміт,
Шіркін, шіркін...
Бәрін қайта бастар ма ем.
Емделдік қой,
Барлығынан десек те...
Пенделік қой
Қызғаныш та, өсек те.
Бар-жоқпенен бағалау да,
Алалау да бар бүгін.
...өміріңді өзің гүлде,
Өрнекте!
Өз сиясы, өз бояуы
Әр күннің.
Өз тағдыры, өз өмірі
Әркімнің.
Қарлығаш – жыр қанатына ілініп,
Ұшып келем, ұшып келем,
Ақырын! Мейіркүл Әбжанқызы. Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Өз өмірінің күзінен көктем іздеген кейіпкерлер
- 6 қаңтар, 2026
Университет ұстазының жаңаша ізденісі
- 30 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




