Тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы
Қымбатты ханымдар!
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және дархан көңілдің көрінісі болып келді және солай болып қала бермек. Әйел – ең алдымен отбасының ұйытқысы, әйел – қоғам қайраткері. Адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады. Әйел қашанда тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы болып келеді. Ұлттың асыл қасиеті уызына жарыған ұрпақтың бойына ана сүтімен дарып, болашаққа жалғасады. Сондықтан, ер – үйдің иесі болса, әйел – шаңырақтаң киесі.
Тәуелсіз елдің ұл-қыздарын тәрбиелеп жатқан әйелдер қауымы қандай құрметке болса да лайық. Сіздер отбасының, мемлекеттің, Отанымыздың игілігі жолында аянбай тер төгіп, қоғамның әр саласында – саясат, білім беру, медицина, мәдениет саласында зор жетістіктерге жетіп келесіздер. Жүрегіне мейірім, көңіліне көктем орнаған асыл жанды аналар, ізгі пейілді әйел азаматтар барда қоғамымыз серпінді түрде алға баса беретін болады. Мен бұған кәміл сенім білдіремін.
Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер еш уақытта толастамасын. Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіз қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасыларыңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!
Ізгі ниетпен: облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақов
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді