Дерек пен дәйек
Австрия тарихында алғаш рет 60 жастағы әйел балалы болды. Ол Вельс-Грискирхен клиникасында жасанды жолмен ұрықтандырылған нәресте екен. Үндістанда Раджо Деви Лохан есімді апай 69 жасында балпанақтай баланы дүниеге әкелген екен. Ал Уэльсте тұратын Эллен Эллис есімді әйел 13-баласын 72 жасқа келгенде туған көрінеді. Ресейлік Галина Шубенинаның 60 жаста нәрестелі болғанын ақпарат құралдары жарыса жариялаған болатын. Румыниялық Андриана Илеску 66 жасқа қараған шағында, қыз баласын өмірге әкелді. Ал еліміздегі ең егде ана әзірге 53 жаста.
* * *
Әлемдегі ең жас ана – 5 жасар перулық қыз. 1993 жылы дүниеге сәби әкелген жас ана Гиннестің рекордтар Кітабына енген. Ал Түркияда Бурсадан Стамбулға көшіп келген 10 жасар қызды босандырған дәрігерлер оның жасын көріп таң-тамаша болған. Қазақстандағы ең жас ана 14 жаста деп тіркеліп отыр.
* * *
Ресейдің Шуя қаласында өмір сүрген Валентина Васильева – әлемдегі ең көп құрсақ көтерген ана. Ол 69 сәбиді дүниеге әкелген. Нақтырақ айтқанда, әйел 16 рет егіз, 7 рет үшем және 4 рет төртемді босанған. Жалпы ғұмырында батыр ана 27 рет жүкті болған. Ал бүгіннің ең көп балалы анасы – Чили Республикасының азаматшасы Леонтина Альбина. Оның 64 баласы бар екен. Сол секілді румыниялық Ливия Лонс қазіргі көп балалы аналардың қатарында саналады. Ол егіз тумаған, 18 рет құрсақ көтеріп, сонша нәрестені өмірге әкелген. 2010 жылы маңғыстаулық Алмагүл Өтебек небәрі 37 жасында он бірінші баласын босанған.
* * *
Румынияның Рифка Станеску есімді тұрғыны – әлемдегі ең жас әже. Ол небәрі 23 жаста-ақ әже атанған. Ол 11 жасында 13 жасар ғашығымен әкесінің қарсылығына қарамастан, қашып кеткен көрінеді. Сөйтіп, Мария есімді қызды болған.
* * *
Шахматтан әлемнің үш дүркін чемпионы Жансая Әбдімәлік – қыздар арасындағы ең жас гроссмейстер. Ол 13 жасында гроссмейстер атанған қытайлық Хоу Ифаньның рекордын жаңартты.
* * *
Әйелдер көздерін еркектерге қарағанда 2 есе көп жыпылықтатады.
* * *
АҚШ-тың Колорадо штатында ұйықтап жатқан әйелді сүюге тыйым салынған.
* * *
Гонконгта егер ері әйелінің көзіне шөп салса, онда әйелі күйеуін өлтіруге рұқсат етілген. Бірақ, ол пышақ, қару сынды ешқандай құрал қолданбай, тек жалаңаш қолымен өлтіруге тиіс.
* * *
Әйелдердің жүрегі ерлермен салыстырғанда орта есеппен 20 пайызға кішкентай екен. Сонымен қатар, әйелдің миы 10 пайыз аздау екені ғылыми тұрғыда дәлелденген көрінеді.
* * *
Ең алғашқы программист әйел болған. Ол – англиялық Ада Лавлэйс.
* * *
XII ғасырда германиялық патша Конрад ІІІ өзі жаулап алған қаланың әйелдеріне қаладан шығуға және өздері қалаған затты арқалап алып кетуге рұқсат етеді. Сонда барлық әйел өз күйеуін арқалап шыққан екен.
* * *
Әйелдер бір мезгілде бірнеше бағыттан ақпарат қабылдай алады. Олардың көбі, әсіресе, гуманитарлық бағыттағы ақпараттар екен.
* * *
Ер азаматтармен салыстырғанда әйелдер үш есе көп сөйлейді.
* * *
Жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, Германияда ерлерге қарағанда әйелдер 35 пайызға артық табыс табады екен. Ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 30 пайыз болса, жалпы Еуропада 59 пайызды құрап отыр.
* * *
Әйелдер ерлерге қарағанда түнде көзі жақсы көреді және оларды сырттай бақылап тұрғанды толық байқайды.
* * *
Израиль – әйелдерді де әскери қызметке тартатын жалғыз ел.
* * *
Орта есеппен әйелдер жылына 30 бен 64 реттің арасында жылайды екен. Бұл көрсеткіш ерлерде 6 мен 17 ретті ғана құрайды.
* * *
Жүкті кезінде әйелдердің 30 пайызы жеуге жарамсыз затқа жерік болады екен.
* * *
Әйелдердің 74 пайызы нақты себебін білместен, сабынмен бетті жуған зиян деп санады.
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді