Президент болудан үміткерлер тіркеле бастады
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенті болуға үміткерлікке өзін-өзі ұсынушылардың алғашқы легінің аты-жөнін жария етті.
«2 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясына кандидатурасын өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша Асқар Жорабайұлы Сырғабаев өтініш берді. 3 наурыз күні тағы да өзін-өзі ұсыну тәртібімен өз кандидатураларын Сафиолла Қалабайұлы Алдажанов, Лимана Қойшиева, Бақыт Төлегенұлы Әбдікәрімов және Сухраб Әминжанұлы Мырзашов ұсынды», – делінген ОСК таратқан хабарламада.
Сөйтіп, комиссияның мәліметінше, бүгінгі күнге дейін сайлау науқаны барысындағы бәсекеге қатысуға бес талапкер ұсынылып отыр, оның біреуі – әйел адам.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 54-бабының 2-тармағына сәйкес, Президенттікке үміткерлерді сәйкестендіруді және оған Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен қойылатын талаптарды Орталық сайлау комиссиясы өзін-өзі ұсыну туралы арыз берілген сәттен бес күн ішінде бекітеді», – делінген баспасөз парағында.
26 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлерді ұсыну басталған болатын. ҚР Президенті сайлауы 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленіп отыр.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Саяси оқиғаларға «малынған» мамыр айы...
- 3 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді