Ел сенетін ер керек
Дүние дүрбелең күй кешіп тұр қазір. Әлем ертеңі үшін алаңдаулы. Тіпті, алаңдауы абыржуға айналып бара жатқан сыңайлы. Себебі, болашақта не болып, не қояры белгісіз. Алмағайыптардан қауіп ойлайды. Сол үшін де күллі жаһан жанталасқа түскен. Осындай жағдайда қазағымның – халқымның, Қазақстанымның – елімнің тағдыр-талайы қандай талқыға түсер екен, маңдайында қандай жұлдыз жарқырап тұр екен деп әсіресе, біз сияқты қарт қаламгердің баяғы абыздарша толғануы жөн-ақ. Ал сол Асан Қайғылар, ел қамын жеген Едігелер, арғы-бергі абыздар не дер еді? «Құйрығы жоқ, жалы жоқ, Құлан қайтіп күн көрер?» деп төге келе: «Елім қайтіп күн көрер?!» дейтін шерлі де тебіреністі сауалды алға тартар еді ғой. Осындай абыз сауал бүгін де, бүгінгі Қазақ елінің тағдыр-талайы жөнінде де қойылып отыр. Қазақстанның болашағы үшін ел сенетін, сыннан өткен Ер керек. Ертеңгі болатын сайлауда маңдайы жарқырайтын Еріміз Нұрсұлтан Назарбаев деп білемін. Ол өз халқының аяғы да, қолы да, жалы да, қанаты да болып та келген, болып та жүр, бола да алады. Ел сенетін Еріміз – Нұрсұлтан. Бұл жағдайды Елбасымыз да, оның соңынан ерген елі де ескерсе керек. Менің айтар аманат тілегім – осы.
Шерхан МҰРТАЗА, Қазақстанның халық жазушысы.
АЛМАТЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Саяси оқиғаларға «малынған» мамыр айы...
- 3 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді