ЕЛ БОЛАШАҒЫН СІЗБЕН БАЙЛАНЫСТЫРАМЫЗ
Аса құрметті Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ! Біздің еңбек ұжымы Сіздің мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы шешіміңізді бірауыздан қолдайды.
Айтып өткеніміздей, алты мыңдай жұмысшысы бар «Казфосфат» ЖШС ұжымы Сізге, Нұрсұлтан Әбішұлы, үлкен сенім артып отырмыз.
Біз өз болашағымызды тек қана сізбен байланыстыра аламыз.
Бізге нақ Сіз секілді Қазақстанды тұрақтылық пен дамудың даңғылына түсірген, елдің татулығы мен бейбітшілігін сақтап қала алатын кемеңгер Басшы керек.
Біз Украинадағы жағдайды көріп, біліп отырмыз, мұнай бағасының құлдырауы мен әлемдегі тұрақсыздық еліміздің экономикасына да әсер етері сөзсіз.
Бірақ, Сіздің экономикалық бағытты бағамдап, елдің индустриялық ілгерілеуіне септесуіңіздің арқасында халқымыздың әлеуметтік жағдайы қиындаған жоқ.
Сіз, Ұлт көшбасшысы ретінде өткен жылдың қараша айында-ақ алдағы жылдарға терең және бағамды болжам айтқан болатынсыз. Бұл үлкен сынақтар мен әлемдік құрылымда болатын үлкен өзгерістер уақыты болмақ.
Осындай үлкен сынақ уақытынан сүрінбей өту үшін біз бірлікпен және Президентімізбен бірге алға нық қадам басуымыз керек.
Сіз біздің еңбек ұжымының өтінішін қабыл алып, алда болатын президенттік сайлауға түсіп, елдің жарқын болашағына деген сенімімізді ақтайсыз деп сенеміз.
Біз жария етеміз, алда болатын президенттік сайлауда белсенділік танытамыз және болған жағдайда Сіздің кандидатураңызды қолдайтын боламыз.
«Казфосфат» ЖШС Тараз филиалы «Минералды тыңайтқыштар» зауытының еңбек ұжымы. Барлығы – 350 адам.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді