Жастардың жарқын болашағына жол ашқан
Ағымдағы жылдың 13-23 ақпаны күндері аралығында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар орталығының» ұйытқы болуымен құрылған «Нұрлы жол — жастар жолы» ақпараттық-насихаттық автокеруені облыс аудандарында болып, Мемлекет басшысының 2014 жылдың 11 қарашасындағы барша қазақстандықтарға арналған «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауына және еліміздің биылғы 9 ақпанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына байланысты аумақтағы қалалардың және ауылдық елді мекендердің жастары арасында түсінік жұмыстарын жүргізген еді. Осы аталған автокеруен жұмысының қорытындыларына орай Тараз қалалық Мәдениет үйінде «Нұрлы жол — жастар жолы» атты облыстық форум өтті. Оның жұмысына Тараз қаласы мен аудандардағы жастар орталықтарының басшылары, «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалдары жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері, автокеруен мүшелері, облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Форумда облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Құралбаев баяндама жасап, Елбасының кезекті Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асырудың қазіргідей әлемдік қаржы дағдарысы белең алып келе жатқан тұста оның салдарларының алдын алуда үлкен рөл атқаратындығына, сондай-ақ, Мемлекет басшысы үстіміздегі жылғы 9 ақпанда қол қойған ҚР-ның «Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының еліміздің жастарының мемлекеттік және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына, олардың әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділігін қамтамасыз етуге, жастар саясатын іске асыруда мемлекеттік органдардың жауапкершілігін жоғарылатуға жол ашатындығына тоқталды және Республика Президентінің Жолдауы мен жастар саясатына қатысты жаңа заңның мәнін облыс жастарына түсіндіруде автокеруеннің үлкен рөл атқарғандығын атап көрсетті. Жиында сөз алған «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалдары жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшылары, жастар орталықтары мен қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері облыс аумағындағы жастардың алдында тұрған Елбасы Жолдауы мен жастар саясаты туралы заң талаптарынан туындайтын міндеттерге тоқталды.
Басқосуда автокеруеннің толыққанды жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасаған ТарМУ, ТарМПИ, Жамбыл гуманитарлық колледжінің ұжымдары, Тараз қаласы мен аудандардағы жастар орталықтарының жетекшілері, автокеруен мүшелері марапатталды. Іс-шара автокеруен құрамындағы өнер шеберлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді