Сейтхан Жошыбаев, «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының» директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, II дәрежелі «Барыс» орденінің иегері.
Уинстон Черчиль «Кез-келген дағдарыс жаңа мүмкіндіктерге жол ашады» деген екен. Рас сөз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мұны сан мәрте дәлелдеді де. Еліміз тәуелсіздік алғалы бергі жиырма төрт жылдың бедерінде біраз қиындықтармен бетпе-бет келді. Бәрін жеңіп шықты. Сонау қиын-қыстау кезеңде де біз сары уайымға салынған жоқпыз. Елордамызды Сарыарқаның төсіне көшірдік. Жаңа қала салдық. Бұл, әрине, айтуға ғана оңай. Бірақ, Мемлекет басшысы сол шақта тәуекелге бару арқылы қаншама адамның жүрегінде үміт отын жағып, бойына жігер берді. Ауыл жастары Арқаға жұмыс іздеп барып, Астанада тұрақтап қалды. 2008-2009 жылдарда түп қазығымыз – ауылды өркендеттік. Олай дейтінім, сол жылдарда елді мекендердегі емдеу мекемелері, мәдениет ошақтары түгелдей дерлік күрделі жөндеуден өткізіліп, бір жаңарып қалды. Ауылдағы ағайындар үйінің іргесіндегі құрылысқа жұмысқа тартылып, табыс тапты. Сол кезеңде әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақылары көбейіп, жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері артқаны да есте. Әлемдік қаржы дағдарысының тағы бір толқыны келіп соққан қазіргі кезеңде де Елбасы әлеуметтік төлемдердің көлемі бір тиынға да кемімейтінін айтты. Тұрғындардың әл-ауқатының тұрақтылығы – олардың денсаулық көрсеткіштерінің қалыпты болуының кепілі. Күйзеліс, уайым, сенімсіздік адамды дертке шалдықтырады. Рас, қазір әлемде түрлі жағдаяттар өріс алуда. Бірақ, бұл қиындықтар біздің еңсемізді түсіре алмайды. Себебі, Қазақстан оған дайын. Ұлт көшбасшысы жаңа бағдарлама жасап, дамудың жаңа мүмкіндіктерін айқындап берді. Алдымызда тағы да жауапты кезең күтіп тұр. Елдік мүдде таразы басына түскенде біз өз таңдауымызды жасап, ел Президентін сайлауымыз керек. Дамыған мемлекеттермен тереземіз тең болуы үшін, саясаттағы сабақтастықты сақтау үшін солай жасауға тиіспіз. Тәуелсіздікті алғалы бері Нұрсұлтан Әбішұлы елді дамыту жолында аянбай тер төгіп келеді. Кемеңгер саясаткер Н. Назарбаевтың көшбасшылығымен Қазақстанның әрі қарай озық мемлекеттердің қатарына қосылатынына сенемін. Сондықтан, мен және менің ұжымым Елбасы өз кандидатурасын ұсынғанын қалаймыз. Және Ұлт көшбасшысы халықтың тілегін ескеріп, бұл ұсынысымыздан бас тартпайды деп ойлаймын. Көпшіліктің үміті де осындай. Өйткені, халық елдегі тыныштықты, татулықты, тұрақтылықты, бейбітшілікті қолдайды. Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді