«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Болашақтың көшбасшысын бірге таңдайық!

Болашақтың көшбасшысын  бірге таңдайық!
ашық дереккөз
Болашақтың көшбасшысын бірге таңдайық!

32Марат Мәзімбаев, кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы, облыстық бокс клубының директоры.

Спортқа қаржы құйылмаса, инвестиция салынбаса нәтиженің көңіл көншіте қоймасы әу бастан белгілі. Еліміз егемендік алған жылдардан бергі аралықта спорттың қадамы қарыштап дами түсті. Әсіресе, соңғы Лондон Олимпиадасында біздің Отанымыз Қазақстан жеті бірдей алтын медальды жеңіп алып, бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Оның бәрі мемлекеттің, Президенттің қамқорлығының арқасында болды. Спортқа құйылған қыруар қаражат өзін ақтады. Мемлекет басқару асқан біліктілікті, сабырлылықты, салиқалылықты талап етеді. Президентіміз – сол сарабдалдықты, бекзаттықты бойына жиып өскен азамат. Таяуда ғана Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты Елбасы мақұлдап, Үндеу жариялады. Нәтижесінде 26 сәуір Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетін күн болып белгіленді. Қай кезеңде болмасын қазақ – үлкенін сыйлаған, қадір тұтқан халық. Басшыны бағалай білу де біздің қанымызға сіңген. Өз басым бұл ұсынысты шын жүрегіммен қолдаймын. Жыл өткен сайын жасарып, жайнап, қыр гүліндей құлпырған еліміздің болашақта да гүлдене түскенін бәріміз қалаймыз. Спортшылар да елінің абыройын асырғысы келеді. Сол елімен мақтанады. Қазіргідей қиын-қыстау кезеңде шұғыл шешім қабылдап, ертеңгі күнді дер шағында бағдарлай білгеннен ұтарымыз көп. Сол тұрғыдан келгенде Президент сайлауын өткізіп алғанымыз өте дұрыс. Ұлттың, елдің дамуы жолында Президенттің атқарар рөлі мен функциясы орасан зор. Дамудың даңғыл жолына түскен елімізді Елбасы тек жақсылыққа бастап жүр. Еліміздің экономикасы артып, мерейіміз аса берсін. Тұлғаларымызды қадірлей білейік! Барлық спортшыларды Президент сайлауына бір кісідей қатысуға шақырамын. Өйткені, болашақтың көшбасшысын бірге таңдауымыз керек.

Ұқсас жаңалықтар