
Хамит Исмаилов, аудандық күрді этномәдени орталығының төрағасы.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың кезектен тыс Президент сайлауын тағайындау туралы Жарлығын оқып, біз, Арыстанды ауылының тұрғындары, бір ауыздан қолдадық. Елбасымыз өте дұрыс шешім қабылдап отыр деп түйін жасадық. Шынында да әлемдік дағдарыс белең алып келе жатқан тұста, ел бірлігі мен тірлігін бекемдеу үшін ертерек Президент сайлауын өткізген жөн. Мұның сыры Елбасымыз өз Үндеуінде айтқандай, «Сайлау елдімізді ұлы істерге ұйыстырып, баянды болашақ жолында біріктіре түсетініне сенемін» деген сөзінен-ақ айқын аңғарылып тұрған жоқ па? Қарап отырсақ, өткен сайлаудан бері төрт жыл өтті. Сол азғантай ғана мерзімде елімізде ұлан-ғайыр істер тындырылды. Негізінен күрді ұлтының өкілдері мекендейтін ауылымыздың да инфрақұрылымы жылдан-жылға жақсарып келеді. Көйлегіміз көк, тамағымыз тоқ. Малымыз өсіп, егініміз егіліп жатыр. Өткен жылы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ауылымызға келіп, тұрмысымызды көріп, таңырқап кетті. Үндеу шығысымен өзіміз де ауылда жиын өткізіп, оны бірауыздан қуаттадық. Сонау 1937 жылдың суық қысында Қазақстанға жер аударылған күрді ұлтының өкілдері қазақ халқының бауырмашылдығын көрдік. Оны қалай ұмытармыз? Қазақ халқына деген шексіз құрметіміз сол, мектепте оқу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Өйткені, біздің ортақ үйіміз, бақытты мекеніміз – Қазақстан. Барлық ұлттың әкесіндей болып отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев, сөз жоқ, Президенттікке қайта сайлауға түссе екен. Біздің тілегіміз – осы.
Арыстанды ауылы, Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Елде елеулі оқиғалар легі жалғасуда
- 1 мамыр, 2025
Мемлекеттік тіл - этносаралық қатынас тілі
- 26 сәуір, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді