«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Достық үйі» думанға бөленді

«Достық үйі» думанға бөленді
ашық дереккөз
«Достық үйі» думанға бөленді

1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздегі ұлттар арасында татулық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру жайлы жарлығы қабылданғаны белгілі. Міне, содан бері де аттай жиырма жыл уақыт өтіпті. Осынау тарихи датаға, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен «Достық үйі» үйінің мәжіліс залында салтанатты жиын өтті. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан бері жұмыс атқарып келе жатқан еңбек ардагері Күләш Әбдікешова, «Әулиеата» қазақ мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Айгүл Қабиева, облыстық «Барбанг» күрд этномәдени бірлестігі ақсақалдар алқасының төрағасы Әбдікәрім Сүлейманов, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас мамандары Зүбәйра Сембина мен Сергей Кислов, «Достық үйі» мекемесінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар көшбасшылары және «Ақ желкен» жастар лигасы өкілдері қатысты. Салтанатты жиынды «Достық үйі» мекемесінің басшысы Рано Убайдуллаева ашып, сөзді ардагерлерге берді. Ардагерлер өз сөздерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған 20 жылында елімізде тұрақтылық пен татулықты нығайтуда атқарылған ауқымды жұмыстарды айта келіп, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Ардагерлер мен жастар арасында сұрақ-жауап, пікір алмасулар болды. Қонақтар сонымен қатар «Достық үйінде» орналасқан этномәдени бірлестіктердің көрмелерімен танысып, жастар жағы «Ассамблея, туған күніңмен» тақырыбындағы интеллектуалды танымдық ойындарға қатысты. Кездесу соңында ардагерлерге «Достық үйі» мекемесі тарапынан сый-сияпаттар жасалып, ақ дастархан жайылды.

Кенжебай ӨМІРБЕКОВ, облыстық «Достық үйінің» қоғамдастықпен байланыс менеджері.

Ұқсас жаңалықтар