«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Біз татулықты қолдаймыз!

Біз татулықты қолдаймыз!
ашық дереккөз
Біз татулықты қолдаймыз!

Аудан орталығы – Сарыкемер ауылындағы әл-Фараби атындағы Мәдениет үйінде «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының аясында «Менің Қазақстаным» атты сазды фестиваль өтті. Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы хатшылығы ұйымдастырды. 

Сахнада өнер көрсеткен еврей, поляк, тәжік этномәдени бірлестік жастарының қойылымдарын жергілікті жұрт жылы қабылдады. Шараға қатысушылар әр тілде әсерлі әндер шырқап, мың бұрала би биледі. Жиналғандарға әдемі көңіл-күй сыйлады. Бейбітшілік пен тыныштық, тұрақтылық пен дамуды бірауыздан қолдайтындарын әредік жеткізе де білді. «Шиват Цион» еврей этномәдени бірлестігінің өкілі Михаил Бунин: «Тоқсаныншы жылдары еліміз тәуелсіздік алып жатқанда көптеген адамдар заттарын буып-түйіп, Ресейге, Германияға көше бастағанда, біз тағдыр маңдайымызға жазған екінші Отанымызды қимай қалып қойдық. Сол кезде дұрыс шешім қабылдағанымызға бүгін көзіміз жетті», деп ойын түйді. — Мегажобаның негізгі мақсаты – аймақта Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлес қосу. Жастарымызды татулық тұрғысынан тәрбиелеу, өзге ұлт өкілдерінің мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен жақын танысуға мүмкіндік туғызу. Өздеріңіз куә болғандай үш этномәдени бірлестік бір сахнада, бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай бірікті. Бұл барша қазақстандықтар бейбітшілікті сүйетініне дәлел бола алады, – дейді поляк қызы Елена Рянзина. Кеш соңында этномәдени бірлестік жетекшілері алдағы келе жатқан кезектен тыс Президенттік сайлауды қолдайтындарын айтты.

Қанат Тілепберген, «Ақ жол».

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар