«Қазақстан халқы Ассамблеясы: 20 ізгі іс!» эстафетасына байланысты әлеуметтік маңызы бар акциялар мен қайырымдылық іс-шара өткізу мақсатында «Қазақ күресі клубы» №1 қарттар үйінде «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты қайырымдылық мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында «Қазақ күресі мектебі» директоры Н. Жүнісбеков өмірден көргені мен көңілге түйгені мол қарияларды халық ақылдың кеніне балайтынын айта келіп, аға ұрпақ өкілдеріне деген ерекше ықыласын жеткізді. Елбасы тарапынан мейірім-шапағатқа, ыстық ықыласқа зәру жандарға жасалып жатқан қамқорлықтардың да мол екеніне тоқталды. Әріптестерін жасы үлкенді сыйлауға, қарттарды қадірлеп, құрметтеуге, оларды естен шығармауға шақырды. Іс-шара соңында соғыс ардагеріне арнайы мерекелік сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасына мақсатты көмек көрсетілді. Сонымен бірге клубтың ұйымдастыруымен облыстағы жастар бірлестіктері ұжымдарының концерті болды. Атқарылған іс-шараға қариялар ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Сая Сүлеева, «Қазақ күресі клубының» қызметкері.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




