ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізудің жоспарын бекітті.
«Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау құжаттарының үлгілері мен 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленген ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының дайындығы мен оны өткізу жөніндегі негізгі шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. Бұл жоспарға сәйкес, президенттікке кандидаттарды ұсыну осы жылдың 26 ақпанынан басталады және 15 наурызда аяқталады», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның айтуынша, кандидаттарды ұсынуға белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктер құқылы, сондай-ақ, азаматтардың өзін-өзі ұсынуына да болады. «Үміткерлердің үгіт-насихат науқаны осы жылдың 26 наурызынан 24 сәуір күнгі сағат 00.00-ге дейін созылады», - деді Қ.Тұрғанқұлов. Ол Мемлекет басшысы сайлауына жасы 40-тан асқан, туғанынан Қазақстан азаматтығын алған, мемлекеттік тілде сөйлейтін, соңғы 15 жылда Қазақстанда тұрған азамат түсе алатынын айтты. Комиссия төрағасының айтуынша, президенттікке кандидаттарды ҚР Орталық сайлау комиссиясы тіркейді. Кандидаттарды тіркеу 26 ақпаннан басталды. «Кандидаттарды тіркеу 25 наурызда аяқталады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың үгіт науқаны басталады. Ол 26 наурызда басталып, 24 сәуірге дейін жүргізіледі», – деді Қ.Тұрғанқұлов.
Ұқсас жаңалықтар
№4 Модуль «Есептен шығару куәлігі»
- 10 наурыз, 2026
№3 Модуль «Дауыс беруге арналған бюллетень»
- 10 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




