«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТКЕН

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТКЕН
ашық дереккөз
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТКЕН

19Фарида Жүнісова, «ӘулиеАта Феникс» ЖШС директоры.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Парламент палаталары спикерлерімен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы талқылау өткізіп, жұрт тарапынан туындап жатқан сауалға соңғы нүкте қойылды. Сонымен, сәуір айында кезектен тыс өткізілетін сайлауға қатысты азаматтарымыз ой-пікірлерін білдіріп жатыр. Меніңше, Мемлекеттің басшысы ретінде жұртшылық қазіргі Президентіміз Н. Ә. Назарбаевты ғана көре алады. Өйткені, сан түрлі соқпақтан егеменді елімізді есен-сау алып келе жатқан мұндай азаматқа сенімсіздікпен қарау мүмкін емес. Елдегі қай саланың да қарышты дамуына жол ашып берген көреген басшымыздың кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейткенін айтпай кетуге болмас. Сол кісінің бастамалары бойынша іске асып жатқан бағдарламалардың жемісін талай жан көріп жүр. Солардың қатарында мен де бармын. Байзақ ауданы Мырзатай ауылдық округіндегі бұрынғы құс фабрикасының бір бөлігін сатып алып, өз қаржыма ет бағытындағы бройлер тауығын өсіретін фабрика салуды бастадым. Алып құрылысты салып, пайдалануға беру үшін қыруар қаражат керек. Сол үшін ұсынған жобам Аймақтық үйлестіру кеңесінде қолдауға ие болды. «Құс фабрикасын қайта жарақтандыру» Индустрияландыру картасына енгізілді. Жобалық-сметалық құжат құны – 1750,4 миллион теңге. Мұнда өндірілетін құс еті облыс тұрғындарымен қатар, өзге өңірлерге де өткерілетін болады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміздегі кәсіпкерлерге осы секілді үлкен қолдау-көмек көрсетілуде. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы – шын мәнісінде ТМД-да баламасы жоқ бағдарлама. Оның аясында өндірістік инфрақұрылым бағыты бойынша бөлінген 547 миллион теңгеге үлкен шаруа еңсерілуде. Бұл қаржыға осында су, электр және газ жүйесі тартылуда.

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар