Үлкен жүректен шыққан сөз

Үлкен жүректен шыққан сөз
ашық дереккөз
Үлкен жүректен шыққан сөз

23Лариса КАЛЬКОВА, облыстық поляк этномәдени орталығының төрайымы.

Баршаға белгілі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің елімізде биылғы жылы кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастамасы қоғам тарапынан қызу қолдау тапты. Өйткені, бұл уақытпен үндес әрі елдің жүгін көтерген бастама еді. Бізді ешкім сырттан келіп жарылқамайды. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, біз ішкі тұрақтылық пен экономикалық ахуалды осылайша саралап, бір байламға келіп отырсақ одан артық ауызбіршілік бола ма? Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастаманың кең қолдау табуы да еліміздегі ынтымақ пен бірлікті, мүдделердің ортақтығын көрсетті. Шын мәнінде тұрғындар туған еліміздің тоқырауға ұрынбай, дамыған үстіне дамығанын қалайды. Міне, осылайша көп талқысынан өткен ұсынысқа біздің Президентіміз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Премьер-Министрмен, Парламенттің қос палатасының спикерлерімен, Конституциялық Кеңестің төрағасымен кеңесе келе нүкте қойды. Елбасы бұл жолы да көрегендік танытып, кезектен тыс Президент сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, Қазақстан халқына Үндеу жариялады. «Біз өресі биік, рухы берік отаншыл елміз. Біз үшін туған елдің топырағынан қасиетті жер жоқ, бір түп жусанынан жұпар иіс жоқ. Елдің бірлігін нығайтып, Отанымызды көркейтуге бағытталған кез-келген ұсыныс мен үшін құнды. Қоғамда талқыланып жатқан кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жайын мен осы тұрғыдан сараладым» деді Елбасы Үндеуінде. Осы жолдардың өзі Мемлекет басшысының туған елінің тағдырына бейжай қарай алмайтын үлкен жүректі азамат екенін аңғартып тұрғаны даусыз. Осындай көшбасшысы бар біздің еліміз бақытты. Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар