Болат Сырманов, «Нұр Отан» партиясы Қордай аудандық филиалы төрағасының орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы үндеуі ел тұрғындары тарапынан қызу қолдау тауып отырғанын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көріп, тыңдап отырмыз. Барлық қазақстандықтардың ынтымағын сүттей ұйытып отырған ел бірлігін одан әрі де баянды ету жолындағы Ассамблея Кеңесі мүшелерінің бұл бастамасын қордайлықтар да өте дұрыс санайды. Біздің ауданымызда бүкіл еліміздегі тәрізді көптеген ұлт өкілдерінің басы біріккен. Көпшілігі «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылатын олардың қай-қайсысы да елімізді өркендеу жолына бастап келе жатқан басты күш – бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған ұлтаралық түсіністік пен бір Елбасы төңірегіне топтасқан мызғымас бірлігіміз екенін бағалайды. Дүниені дүрліктіре келген экономикалық дағдарыс пен айналада болып жатқан алмағайып оқиғалар біздің елімізге кері ықпалын тигізбесі үшін осыған дейін тірнектеп жиған абырой-беделімізді сақтап, қай салада да өріс алған даму қарқынымызды бәсеңдетіп алмауымыз қажет. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген «Нұрлы жол» бағдарламасының толық жүзеге асырылуына барынша атсалысуымыз керек. Президент сайлауын Парламент сайлауымен қабаттастырып келесі жылы өткізіп жатқанша, еліміздің заңдарына сүйеніп мерзімінен бұрын биыл өткізіп алу керек деген өте дұрыс ұсыныс болды. Ол қарапайым адамдардан бастап, ел тізгінін ұстап отырған билік басындағы тұлғалар тарапынан да, қос палаталы Парламент мүшелері тарапынан да қолдау табуда. Бүкілхалықтық қолдауға ие болған ұсынысты күні кеше Елбасы да дұрыс деп тауып, сайлау өткізілетін күнді де белгілеп берді. Ендігі мәселе – президенттікке үміткерлерді ұсыну болмақ. Дегенмен, басы ашық ақиқат – дәл қазіргі кезде бұған Нұрсұлтан Әбішұлының өзінен артық балама жоқ екендігі. Ширек ғасырға жуық елімізді табысты басқарып келе жатқан оның алдағы уақытта да бұл бағытынан таймайтыны анық. Назарбаевтың арқасында еліміз төркүл дүниеге танылды, өмірдің барлық салаларынан дамуға ұмтылып, таңғаларлық нәтижелерге қол жеткізудеміз. «Өткелде ат ауыстырмайды» демекші, қазіргідей күрделі кезеңде бүкіл әлем мойындайтын және санасатын, әрі қай жағынан да бабында тұрған қазіргі Елбасымызды қайта сайлап алсақ, ең дұрысы сол болмақ деп ойлаймын. Елбасымыз ел тілегін ескеріп, сайлауға түссе, нұр үстіне нұр болар еді.
Қордай ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді