Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді оң шешім деп санайтын «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар зауыты» Тараз филиалы жұмысшылары Елбасымен бірге. Президент саясатын толық қолдайтын олар әлемде тұрақсыздық сезіле бастаған кезеңде сайлауды биыл өткізіп, болашаққа арналған жоба-жоспарды ерте қамдап алған дұрыс деген пікір білдіріп отыр. Зауыттың әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында өткен жиында өңірдегі өндірістің алыбы саналатын «Қазфосфат» ЖШС-ның Тараздағы филиалының үлкен ұжымы осындай ұстанымда екендерін жеткізді. Жиынға облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Алмас Мәдиев пен зауыт директоры Төлепбек Исаев қатысты. Минералды тыңайтқыштар зауытында өткен жиынға «Нұр Отан» партиясының зауыттағы бастауыш партия ұйымы ұйытқы болды. Басқосудың басты мақсаты – Президентіміздің саясаты мен оның елі үшін тер төккен еңбектері жайлы ой бөлісу. Жиында өндіріс ошағының ұжымы саяси науқанды биыл өткізудің тиімді екенін де бірауыздан айтып өтті. – Президентті сайлап алу арқылы саяси және экономикалық тұрақтылықтың сақталуына жол ашылады. Сондай-ақ, әрбір азаматтың дұрыс таңдау жасауы еліміздің одан әрі қарыштап дамуына мүмкіндік береді деген сенімдеміз. Осындай пайымға барған өңірдегі химия өндірісінің өкілдері Ассамблея бастамасын дұрыс шешім деп білеміз, – дейді зауыттың бас экологы Гүлжанат Байзақова.
Айтолқын Әзіретова, ТарМУ-дың студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді