Жыл қорытындысы бойынша кітапхана саласының үздіктері анықталды. Иә, кітапханалар арасында ұйымдастыру біліктілігі мен кәсіби деңгейін анықтау мақсатында өткізілген «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында бас жүлдені Сарысу ауданы, Ұ. Сыздықбаев ауылдық кітапханасы иеленсе, бірінші орын Қордай ауданы, Гвардейский ауылдық кітапханасына бұйырды. Жүлделі екінші орынды Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылдық балалар кітапханасы иеленсе, үздік үштікті Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылдық кітапханасы мен Шу ауданы, Сауытбек ауылдық кітапханасы түйіндеді. Сонымен қатар, Талас ауданы, Аққұм ауылдық кітапханасы ынталандыру жүлдесіне лайық деп танылды.
Сонымен қатар, Ұлттық кітапхананың «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен ұзақ жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Т. Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Клара Серікбаева, Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бақыт Қанаева, Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Светлана Қожаназарова, Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ұлтуар Ибраевалар марапатталды.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




