«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таңдайында өлеңнің ұясы бар

Таңдайында  өлеңнің ұясы бар
ашық дереккөз
Таңдайында өлеңнің ұясы бар

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітап­ханасының өнер жөнін­дегі әдебиеттер бөлімінің ұйым­дастыруымен қазақтың әйгілі айтыскер ақыны жезтаңдай әнші, дәулескер домбырашы Ұлбике Жангелдіқызының туғанына 190 жыл толуына орай «Таңдайында өлеңнің ұясы бар» атты әдеби кеш өтті. Кешке арнайы кітап көрмесі жасалды. Оған Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенттері қатысты. Шараны кітапхананың Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Қарлығаш Тастемірова мен осы бөлімнің кітапханашысы Жанерке Әбиева жүргізді. Олар Ұлбике Жангелдіқызының ғұмырында үлкен мұра қалдырған айтыс өнерінің ХІХ ғасырдағы дүлдүлі, қайым айтыстың асқан шебері болғанын түрлі ғылыми тұжырымдармен дәйектеп берді. Ақынның айтыстарының ішінде ең сүбелісі саналатын Ұлбике мен Күдері қожа айтысынан үзінді көрсетілді. Ұлбике ақын рөлін Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенті Мақпал Сүйінбай сомдады. Ал Күдері қожа рөлін Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Сәбит Мұхамедияров нанымды алып шықты. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенті Нұршат Ерсайын Ұлбике ақынға арнаған арнауы мен ақын Күләш Ахметованың Ұлбикенің соңғы монологын мәнерлеп оқып, оқырмандардың жүрегінен жол таба білді. Кітапханашы Назира Жаңабаева ақынның «Ұлбике» кітабына шолу жасап, кітап көрмесімен таныстырып, ақынның өмірі мен шығармашылығын айшықтайтын басылымдары, өлең-толғаулары, айтыстары туралы терең мағлұмат берді. Кешті кітапхана директоры Э.Абдинова корытындылап, қатысқан оқырмандарға алғыс айтып, мақтау грамоталарын тапсырды.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар