Мезгілінен бұрын сайлау өткізу ел экономикасына, әлеуметтік жағдайына, мәдениетіне және өзге салаларына тың серпіліс сыйлайтыны сөзсіз. Сондықтан бұл бастамаға қолдау білдіріп, саяси кезеңнің салмақты өтуіне атсалысу қажет. Бүгінгі таңда алуан кәсіп иелерінен бастап, қоғам қайраткерлері, жұрт жақсыларына дейін кезектен тыс сайлаудың өтуі орынды деп санайды. Шетелдік сарапшылардың пікірі де осы тақылеттес. Әдетте, әуелгіде қиын көрінген тірліктің бәрі бірер жылдан соң өзінің сәтті жемісін береді. Оған дәлелдер жетіп артылады. Сол себепті барша әлеуметтің, осы бір үлкен бастаманы белсенді түрде қолдауларын сұраймын. Қазіргі уақытта Президент сайлауын өткізіп алу, мемлекетіміздің жаңа тынысын ашып, жақсы өзгерістерге жол бастау болып табылады. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дейді дана халық. Нендей құбылыс болса да бірліктің бәсі жоғары.
Ләйлә Қожагелдиева, Жазылбек Қуанышбаев атындағы музейдің директоры.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
№4 Модуль «Есептен шығару куәлігі»
- 10 наурыз, 2026
№3 Модуль «Дауыс беруге арналған бюллетень»
- 10 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




