Ассамблея кеңесінің ел Президентінің сайлауын биыл өткізу туралы бастамасы шығармашылық қауым тарапынан кең қолдау табуда. Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада жиын өткізген «Бас редакторлар клубы» осы ұсынысты талқылай келе, Үндеу қабылдады.
«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан медиа-қоғамдастығы өкілдерінің атынан Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауды өткізу жөніндегі ұсынысты қолдайтындарын білдіреді. Бұл бастама ел мүддесінен және халықаралық экономикалық жағдайдың тұрақсыздығынан туындап отыр. Президенттік сайлауды өткізу қоғамды ауқымды мақсаттарға жету жолында ынтымаққа шақыра алады деп сенеміз. Алдағы уақытта мемлекеттік аппарат пен барша қазақстандықтардың күш-жігері экономикадағы дағдарыс трендінің салдарын азайтуға бағытталуы тиіс. Бүгінгі күнде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамудың табысты көрсеткішін, сондай-ақ еліміздің бірлігі мен гүлденуінің бейбітшілік қорғаны екенін көрсетіп отыр. Осыған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы Президенттік сайлау өткізуді ұсынғаны құптарлық жәйт. Елімізде медиа сала мен азаматтық қоғам институттары қарқынды түрде дамуда, олар өздерінің жобаларын қоғамның әртүрлі әлеуметтік саласында тиімді пайдалануда. Дамыған 30 елдің қатарына кіру идеясын құптау мақсатында, барлық қазақстандықтарды, барлық бұқаралық ақпарат құралдарын және үкіметтік емес ұйымдарды Қазақстан халқы Ассамблеясы Кенесінің ұсынысын қолдауға шақырамыз. «Бас редакторлар клубы» ҚБ Астана, 20 ақпан 2015 жыл
«Бас редакторлар клубының» Үндеуін осы қоғамдық бірлестіктің төрайымы Бибігүл Жексенбай оқып бергеннен кейін «Украінські новини» республикалық газетінің бас редакторы Тарас Чернега еліміздегі 300 мыңнан астам украиндердің бұл бастаманы қызу қолдайтындарын жеткізді. Президент телерадио кешенінің Бас директоры Ерлан Бекхожин: – Ассамблея Кеңесінің бастамасы – ұлты әр басқа болғанымен, құқы мен мүддесі бір халқымыздың тілегі. Сондықтан да ол заңды, жан-жақты негізделген, – деді. Сондай-ақ, осы шаңырақ астында Қазақстанның театр қайраткерлері де бас қосып, ақжолтай бастаманы құптайтындарын жария етті. Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов мәлімдеме жасап: – Біз Президент сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдаймыз! – деді ол. – Бүгінде тіл, руханият, дәстүр, ұлттық құндылықтар сияқты бабадан мирас болған мұраларды дамытуға бағыт-бағдар белгіленген. Асыл мұратқа барар жолда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы бой көтерді. Ол Қазақстан халқын өзінің бай мәдени мұрасымен және шығармашылық әлеуетімен әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсаттарына қол жеткізуге үндейді, – деді ол да. Тұңғышбай әл-Таразидың айтуынша, қазір өнер саласы елімізде жоғары дәрежеде дамуда. Сахнаның өркендеуіне, жалпы, мәдениет саласының қанат жаюына мемлекет ұдайы қолдау көрсетуде. «Сондықтан театр қайраткерлері ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміз бұл бастамада да бар күш-жігерін біріктіруі қажет деп санайды. Әлемде жаһандық қаржы-экономикалық тұрақсыздық орын алған жағдайда елдің тұтастығы – басты қажеттіліктердің бірі. Демек, осы күрделі кезеңде Президент сайлауын өткізіп алу – келелі іс, уақыт талабы. Ертеңін ойлаған елдің байыпты қадамы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді