ӨРЛЕУІМІЗДІҢ КЕПІЛІ
Байтуған Рыспанов, Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Естіп, біліп, көріп отырмыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен үстіміздегі жылы Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы Үндеу жарияланды. Ол қос палаталы Парламенттегі депутаттардың тарапынан да қолдау тапты. Үндеуді түрлі саяси партиялардың жетекшілері де мақұлдауда. Әсіресе, ардагерлер бұл ұсынысқа түгел қосылады деп ойлаймын. Өйткені, біз өзінің әр сөзіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, елім десе ет жүрегі езілетін, елімен етене Елбасының мемлекетімізді жақсылықтарға бастай беретініне талай мәрте куә болып келеміз.
Мәселен, алысқа бармай-ақ қояйық, Жаңатас қаласының бес-алты жыл бұрынғы жай-күйі қандай еді? Елбасының тікелей тапсырмасымен шағын қалалардың инфрақұрылымын жақсарту үшін қыруар қаржы бөлініп, қаламыз қазір аяғынан қаз тұрып келеді. Кәсіпкерлік қанат жаюда. Ауыл шаруашылығын қолдау жылдан-жылға жақсара түсуде. Кім немен айналысамын, жаңа кәсіптің түрін ашамын десе – мемлекет тарапынан қолдау жасалатынын да байқаудамын. Ең бастысы – елімізде тыныштық, ұлтаралық қатынас арасында ешқандай дау-дамай атымен жоқ. Осылардың барлығы Қазақстанды Мәңгілік Елге айналдырамын деген Елбасының тікелей еңбегі. Ендеше, сайлау күні белгілі болған күнде халықтың дұрыс таңдау жасайтынына кәміл сенемін. Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




