«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ЕҢКЕЙГЕН ҚАРТ ТА ЕЛБАСЫН ҚҰПТАЙДЫ

ЕҢКЕЙГЕН ҚАРТ ТА ЕЛБАСЫН ҚҰПТАЙДЫ
ашық дереккөз
ЕҢКЕЙГЕН ҚАРТ ТА ЕЛБАСЫН ҚҰПТАЙДЫ
21Жарас МҰРАТАЙ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстың Құрметті азаматы. Қазақ қашаннан қарттарын құрметтеп, ақсақалдарын ардақтаған халық. Заман өзгеріп, халық рухани құндылықтардан гөрі, нарыққа қарай бет бұра бастаған кездерде де еліміз өзінің ежелгі салтынан танбады. Айта кетерлігі, бұл жолда да Елбасының сіңірген еңбегі орасан. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда-ақ Елбасы Н. Ә. Назарбаев қариялардың құрметті орнын белгілеп берді. Ардагерлерге айрықша назар аударып, оларға барлық жағдайдың жасалуын тапсырды. Сол уақыттан бері біздер қамқорлықты сезініп, шама-шарқымызша елдің дамуына өз үлесімізді қосуға тырысамыз. Жалпы, Президентіміздің қай бастамасы болса да, көпшіліктің тарапынан қолдау тауып, жүзеге асырылғанда тиісті жемісін беріп жатады. Барлық ісі ізгілік пен елді жарқын болашаққа жетелейтін жүйелі жоспардан тұрады. Бүгінде халық арасында талқылауға түсіп жатқан Елбасының Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі мен берген қатаң тапсырмалары болуда. Әлемдік дағдарыс салдарынан әрбір мемлекетте орын алып жатқан түрлі қиындықтарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оқып, көріп жүрміз және көршілес мемлекеттерге тигізген салқыны сезіліп те жатыр. Көптеген мемлекеттерде мыңдаған жұмыс орындары жабылып, ел жалақы тұрмақ, жәрдемақыдан да ажырап жатқан жағдайлар бар. Ал біздің мемлекетте, Аллаға шүкір, қиындық сезіліп жатқан жоқ. Елбасы Үкімет отырысында мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері өзгермеуі керектігін айтқан болатын. Осындай қиын-қыстау заманда «елімді қайтсем қиындықтан аман алып шығамын» деп еміренген ердің ісін көрдік біз. Бастысы, Елбасы біреу, халық оған тіреу. Мемлекет басшысының барлық бастамаларын халық оң көзқараспен қабылдап, қолдау білдіретініне сенімдімін. Әсіресе, ел қамын көп ойлайтын қарттар қашанда онымен бірге. «Мен Қазақстан халқына тағы да жария етемін: біз ештеңені жасырмаймыз, қиындықтар болса, халықпен бірге өткереміз және оның келе жатқанын айтамыз, ал ештеңеге жауап бере алмайтын, тілмен сайрай беретіндер айта алмайды» деп халық күдігін серпілтіп тастады.

Жуалы ауданы.

Ұқсас жаңалықтар