Уақыт тудырған ұсыныс
Аманжол Әкетаев, «Жылыбұлақ» ЖШС директоры. Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында Кеңес мүшелерінің бірауыздан елімізде Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу жөнінде жасаған ұсынысы аз уақыттың ішінде халық арасында оң пікір қалыптастырып отыр. Олай болатын жөні де бар. Өйткені Кеңес мүшелері атап өткендей, әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде біздің елімізде мерзімінен бұрын сайлау өткізу «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға, «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген елімізді дамытуға бағытталған бағдарламаларды дамытуға мүмкіндік береді.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі кезеңге қарап отырсақ, мемлекетімізді қазіргі даму биігі мен ынтымақты тірлігіне жеткізген осындай жарқын болашаққа бағдарланған игі бастамалардың, тың жоспарлардың арқасы екендігі даусыз. Оның ішінде халықтар арасындағы достықтың да алатын орны айрықша. Бүгінде елімізде барлық азаматтардың азат елдің азаматы ретінде лайықты өмір сүруіне, өзінің кәсібін ашып, ісін өрге домалатуына барлық жағдай жасалған. Мұның барлығы әрине мемлекет тізгінін қолға алған Көшбасшымыздың кемел ісінің нәтижесі екендігі анық. Халқымыз мемлекетіміз өз алдына егемендік алған кезінде-ақ өз Президентін таңдауда қателеспеген болатын. Бұл жолы да дұрыс таңдау жасайтынына шүбә келтірмейміз. Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




