Жанна Мамашева, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы.
Тәуелсіз Қазақстанның болашағына деген жауапкершіліктерін сезініп, барша қазақстандықтарға Үндеу арнаған Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің Республика Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі бастамасы біздің партияның мүшелері тарапынан да қызу қолдау табуда. Олай болатын да жөні бар. Өйткені, қазіргідей халықаралық саяси жағдай ушығып тұрған кезде және әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс күшіне еніп келе жатқан шақта елімізде екі бірдей электоралдық ірі науқандар — Қазақстан Республикасының Президенті және Парламент Мәжілісі сайлауларын қатар өткізу артықтық етеді. Оның үстіне бұл республикамыздың Ата Заңының талаптарына да қайшы келетіндігі белгілі. Сондықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің Мемлекет басшысына таңдау жасау мәселесін биыл шешу керек деген ұсынысын өзім де, партиялас әріптестерім де уақыт тынысына орай дер кезінде көтерілген бастама ретінде қабылдадық. Ал электорат Республика Президентінің орынтағынан кімді көргісі келеді деген сауалдың жауабына келсек, әрине еліміздегі сайлау құқы бар әр азаматтың сенім мандатын ел тәуелсіздігінің жиырма үш жылдан астам уақыты аралығында республикамызды сан рет саяси және қаржы-экономикалық дағдарыстардан аман алып шығып, жер-жаһандағы бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына қосқан, елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен саяси тұрақтылықтың ұйытқысы болып отырған Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ғана сеніп тапсыратындығы анық. Әрі қазақстандықтардың осындай игілікті қадам жасауы Елбасының ел-жұртын республика халқына өзі арнаған «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауынан туындайтын міндеттерді және ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан-2050» даму Стратегиясын жүзеге асыруға жұмылдыруына, сондай-ақ, жұртшылықтың әлеуметтік әлеуетін, әл-ауқатын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етуіне мүмкіндік туғызатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді