Эльмира Айтбаева,
«Алтын алқа» иегері,
кәсіпкер.
Мен көп балалы анамын. Бүкіл балалық, есею жылдарым Қаратау қаласымен тікелей байланысты. Сонау жетпісінші-сексенінші жылдары қаламыздың жасыл желекке бөленгенін де, өткен ғасырдың соңына қарай өнеркәсіп біткен тоқтап, ел қотарыла көшіп, жұмыссыздық жайлаған кезді де көзіміз көрді. Сол кезде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «алдымен – экономика, содан кейін – саясат» деп елді бірлікке, сабырлыққа, төзімділікке шақырды. Айналдырған он шақты жылдың ішінде жас мемлекетіміз аяғынан қаз тұрып, экономикасы дамып, әлем таныған елге айналдық. Ең бастысы – Елбасының сарабдал саясатының арқасында – елімізде тыныштық, еңбек етемін, кәсібімді ашып, жан бағамын дегенге барлық жағдай жасалынған. Мысалы, жұмыссыз қалған мен де осыдан 3-4 жыл бұрын баспа өнімдерімен айналысуға ниеттеніп, жұмысымды бастағанмын. Адам ниеттенсе, талаптанса, алынбайтын қамал жоқ па деп қалдым. Қазір өзіміз тапсырысқа сай суретке басамыз, тіпті тойларды бейнекамераға түсіріп жүрміз. Мәтіндер тереміз, альбомдар жасаймыз. Кәсібімізге ешкім кедергі келтірмейді. Баспа өнімдерін шығарумен ұл-қыздарым да айналысып, дизайн жасауды меңгеріп алды. Бір сөзбен айтқанда, мемлекетіміз кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсетуде. Оның барлығы да Елбасының тікелей қамқорлығымен болып жатыр деп түсінемін. Мен 7 ұл-қыздың анасымын. Елбасының Жарлығымен өткен жылы «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталдым. Алтын құрсақты ана ретінде егер Президент сайлауы өтсе, сөз жоқ, Ұлт көшбасшысы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс беретінім анық. Балаларымның болашағы үшін таңдауым осы екенін баса айтқым келеді.
Қаратау қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




