Жасұлан Қыдырбаев, ауыр атлетикадан әлем чемпионы.
Тәңірдің сыйына айналған Тәуелсіздікпен қауышқан жылдардан бергі аралықта алмаған асуымыз, бағындырмаған биігіміз жоқ та шығар. Соқтықпалы-соқпақты сан алуан кезеңдерді бастан өткерген қазақ елінің экономикасы да, мәдениеті де, спорты да қарыштап дамудың жолына түсті. Оның бәрі көреген Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, қамқорлығының арқасы әрине. Лондон төрінде қазақ спортшылары атой салды. Жеті алтын түгілі бұрын-соңды біздің елдің спортшылары олимпиададан төрт алтын алған емес. Толайым табыс па, табыс. Мақтануға болады ма, болады. Еңбек бар жерде нәтиже болады. Қолдау бар жерде спортшы да дамиды. Спортқа салынған инвестиция өзін ақтағаны осы емес пе? Біз де тау тұлға ағаларымыздан тәлім алып өстік. Олимпиада шыңын бағындырған батыр ағаларымызды үлгі тұттық. Сол арқылы өзімізді қайрадық. Қазақ елінің қалқаны болуға барымызды салып келеміз. Жақында ғана Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс айтылып, ол кеңінен қолдау тапты. Біз де қолдаймыз, қуаттаймыз. Қазақ «Құдай қалаған хан болады» деп жатады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы елімізді өтпелі кезеңнен ерлікке пара-пар шешімдерімен алып шықты. Жер-жаһандағы болып жатқан қиындық, дағдарыс атаулыны сезбей де қалдық. Әлем елдері Қазақстанды түбегейлі мойындады. Ол еңбек әлбетте өлшеусіз. Біз де спортшы ретінде әлемде белең алып жатқан соңғы жағдайларды біліп отырмыз. Сондықтан да аталмыш ұсынысты қолдаймыз. Жұрт дегенде жұмылатын халық та бұл ұйғарымды қолдайтынына сенемін. Алда талай абыройлы сындар, айтулы додалар тосып тұр. Ол жерде елдің елдігі, ердің ерлігі сынға түседі. Сол сынақтардан Президентпен бірге мүдірмей өтерімізге сенім кәміл. Бәрімізге де алдымен Алла жар болсын!
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді