Луиза Батчаева, «Тараз көлік жолы» ЖШС директоры.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты дүниежүзі дана да дара басшы ретінде жақсы біледі. Елбасының кемеңгерлігі мен көрегендігінің арқасында тәуелсіздігін алған еліміз 24 жылда өзіндік жолмен қалыптасып қана қоймай, сыртқы және ішкі әлемде орасан жетістіктерге жетті. Экономикасы қарыштап дамып, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан табылды. Бүгінде дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында алғышарттар жасалуда. Елімізде әлеуметтік және экономикалық салаларда көптеген мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Мұның өзі халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына игі ықпалын тигізуде. Елбасының көрегендігінің нәтижесінде еліміз 2008-2010 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысын қиналмай еңсерді. Әлемдегі қазіргі экономикалық қиындықтардың алдын алу үшін орасан жұмыс жүргізілуде. Соның нәтижесінде Қазақстан дағдарысты сезінбеуде. Ортақ Отанымызды гүлдендіру және нығайту үшін елімізде бірнеше ұлттың өкілдері өзара тату тіршілік етуде. Бұл – еліміздегі жарасымдылықтың, ынтымақтастықтың айқын көрінісі. Ұлтқа бөлінбей, сенім мен тіл мәселесінде түсіністікпен бір шаңырақ астында жарасымды өмір сүрудің қазақстандық үлгісі бүгінде шет мемлекеттер сүйсінетін өнегеге айналды. Көршілермен достық қарым-қатынаста мазмұнды байланыс орнатып, алыстағы мемлекеттермен де сауда-экономикалық тұрғыда тең құқылы келісім-шарттар жасасып, алға басқан еліміздің келешегіне сенеміз және ол жақсы күндердің қызығын осы аумақты мекен еткен барлық ұлттардың ұрпағы бірлесе көреді деп ойлаймын. Мен және басқа да әріптестерім Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстандағы дамудың, ауызбіршіліктің, тыныштықтың ұйытқысы, сыртқы саясатты ұтымды жүргізіп, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етудің үлгісі ретінде білеміз. Әлемді дәл қазіргідей қаржылық қиындықтар қыспаққа алып тұрған кезде елімізді басқару үшін Н.Назарбаев сияқты біртуар, кемеңгер азамат қажет. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері және басқа да отандастарымыз ұсынып жатқан Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасын орынды санап, қолдау білдіремін.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді