ПРЕЗИДЕНТ ПОШТАСЫНАН
Президенттің баспасөз қызметі Қазақстан халқы Ассамблеясы
Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу
жөніндегі бастамасына байланысты келіп түскен хаттар мен
жеделхаттар туралы хабарлады.
Мемлекет басшысының атына ел өңірлеріндегі қоғамдық
бірлестіктерден және экономиканың түрлі салалары мен
әлеуметтік салада жұмыс істейтін азаматтардан көптеген
хат-хабарлар келіп түсуде. Жұмысшылар, аграршылар, шағын
және орта бизнес, ғылым және мәдениет, шығармашыл зиялы
қауым өкілдері, студенттер өз хаттарында мемлекеттің әрі қарай
дамуында маңызды рөл атқаруға тиіс бастамаға жан-жақты
қолдау танытуда.
Қолдау хаттың бірі облыстағы «Қазфосфат» ЖШС атынан
келіп түскен. Онда алты мыңдық еңбек ұжымының негізгі тілегі
– Нұрсұлтан Назарбаевқа сенетінін растау екені айтылған.
«Дәл бүгін бірлікті, келісім мен тұрақтылықты нығайту
маңызды, сондықтан біз Сізді ел Президенті лауазымына лайықты
кандидат санаймыз. Қазіргі бақ-берекемізді және болашағымызды
тек Сізбен байланыстырамыз», – делінген хатта.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді