Құптаймын, қуаттаймын!
Мерзімінен бұрын сайлау өткізу барысында барлық халық экономикалық міндеттерді шешуге жұмыла алады әрі кәсіпкерлік белсенділіктің өсімі қамтамасыз етіледі. Қазақстан халқы Ассамблеясының мерзімінен бұрын Президенттік сайлау өткізу туралы бастамасы біздің ауданымыздың жұртшылығы тарапынан да үлкен қолдауға ие болуда. Елбасы саясаты төңірегіне тығыз топтасу арқылы ел дамуына, әлеуметтің әл-ауқатын арттыруға қол жеткізетінімізге сенімдіміз. Жаһандық қаржы дағдарысы қанша жерден қысса да, Мемлекет басшысы өзінің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін еш өзгеріссіз қалдырып отыр. Дағдарысқа қарсы нақты даму жоспары аясындағы іс-шаралар Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасында да айқын көрініс тапты.
Зор саяси мәнге ие, еліміздің қазіргі жағдайында өте-мөте қажетті бұл шараны қолда бар мүмкіндіктерді қалт жібермей, биыл өткізу маңызды деп білеміз. Бұл ел өмірінде үлкен тарихи серпіліс туғызбақ. Осыған байланысты жаңа көзқарас қалыптастырылып, ауқымды жоспарлар құрылып, барша қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалы бүгінгіден де жақсара түсетіні анық. Біздіңше, достық пен тату келісімнің төлқұжаты іспеттес Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл бастамасы қазіргі қаржы дағдарысы дендей түскен кездің өзінде барша қазақстандықтардың күш біріктіріп, қиындықты еңсеруіне, болашағымыздың баянды болуына кепілдік пен сенімнің қалыптасуына зор серпін бермек.
Өз басым Президенттік сайлау өтуін құптап, қуаттаймын, бұл іске қолымнан келгенінше көмек көрсетуге даярмын, өзгелерді де игі бастаманы қолдауға шақырамын. Даңғыл жолдағы дара да дербес мемлекет, ағаттығы аз, азаттығы ғұмырлы ел болудан танбайық!
Серікхан САТЫЛҒАНОВ, аудан әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді