«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қамқор Көшбасшымызға қашанда тілеуқормыз

Қамқор Көшбасшымызға қашанда тілеуқормыз
ашық дереккөз
Қамқор Көшбасшымызға қашанда тілеуқормыз
Қазақта «Ел барда, ер қор болмас, Ер барда, ел қор болмас» деген аталы сөз бар. Мен де осыдан он жылдан астам уақыт бұрын елім деген Елбасымызға сеніп, үлкен үмітпен қолыма қалам алған едім. Ол кезде 11 баламен Тараздағы ескі жатақхананың бірінде тұратынмын. Мейірбикенің аз ғана айлық жалақысымен күн көру қиын екендігі белгілі. Сол себепті Нұрсұлтан Әбішұлына өзімнің отбасым жайында хат жазып, пәтер алуға көмек беруін сұрадым. Көп ұзамай Елбасынан жауап хат келді. Онда біздің Тараздағы жаңадан соғылып жатқан көп қабатты үйлердің ішінен өзім қалаған 4 бөлмелі пәтерді беретінін және сол пәтерге өзінің келетінін жазыпты. Біз өз көзімізге өзіміз сенбедік, қуанышымызда шек болмады. Айтқандай, 2005 жылы «Астана» мөлтек ауданындағы жаңа үйлердің бірінен пәтерге ие болдық. Пәтер кілтін тапсыру салтанатына Елбасының өзі қатысып, үйімізден дәм татты. Тарту-таралғысын жасады. Денімізге саулық тілеп, естелікке суретке түсті. Қазір шүкір, ұлдарым – ұяда, қыздарым – қияда. Үлкен ұлым да көп балалы отбасы ретінде үй кезегінде тұр. Ол да көп ұзамай қоныс тойын тойлайды деп ниеттеніп отырмыз. Міне, осының бәрі де ең алдымен Елбасымыздың арқасында жүзеге асуда. Хан басымен мені қара демей жазған хатыма жауап беріп, тіпті, келіп құттықтауының өзі ол кісінің елдің бағына туған азамат екенін көрсетсе керек. Ал қазіргі әлемдік саясат сан құбылып тұрған заманда Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізіп алып, болашаққа жоспарланған бағдарламаларды әрмен қарай жүзеге асыра беру – бүгінгі күннің талабы деп білемін. Қамқор Көшбасшымызға елі қашанда тіреу болып, сарабдал саясатын қолдай береді деп сенемін.

Зинат АЙТҚҰЛОВА, көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар