Ертеңгі күнді бүгін ойлаған жөн
Бұқаралық ақпарат құралдарынан Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесінде Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу турасында ұсыныс жасалғанын естіп, қатты толқыдым. Шынында да ойлап қарасаң 2016 жылы жоғары дәрежелі екі бірдей Парламент және Президент сайлауын өткізу қай жағынан алсақ та тиімсіз секілді. Қаржылық жағдайын айтпағанның өзінде алтын уақыттар жоғалып, әлемдік дағдарыс (біздің елімізге аса қауіп төнбегенімен) есігімізді қаққандықтан, оның меселін қайтаруға сайлаулардың кері әсер ететіні анық емес пе?
Сондықтан, ең алдымен Президент сайлауын үстіміздегі жылы өткізу жөніндегі ұсынысты өте орынды деп білемін.
Ассамблея мүшелері елімізді Мәңгілік Ел құруға бастап, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын жария еткен Ұлт көшбасшысы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа осы сайлауда тағы да халық болып дауыс беру ел болашағының дамуының басты кепілі санайтындықтарын да айтып отыр. Ол ұсынысты да орынды деп санаймын.
Қашанда халқы үшін қалтқысыз еңбек етуді өмірлік ұстанымы мен мұраты еткен Елбасымызды бүкіл әлем саясаткерлері мойындайды және батыл бастамаларын қолдайды.
Елбасының салиқалы, сындарлы саясаты мен көрегендігінің арқасында еліміз жаһандық дағдарысқа дес бермей, одан сүрінбей өтудің жолы мен тетігі ойластырылып, ол нақты жүзеге асуда.
Жуырда ғана өткізілген Үкіметтің кеңейтілген отырысында Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанда – дағдарыс жоқ!» деп мәлімдеді.
Біз Елбасымызға сенеміз. Сондықтан, Президенттік сайлау өткізілсе, халқымыз өзінің лайықты таңдауын жасайды деген ойдамыз.
Ақынбек Бектай, облыстық мәслихаттың депутаты, Ақкөл орман және өсімдік, аң шаруашылығын қорғау мемлекеттік мекемесінің директоры.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді