Уақытпен үндес ұсыныс
Еліміздің бірлігі мен жарасымды тірлігінің жаршысы болып жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясын жарқын істердің де бастамашысы десек артық айтқандық емес. Құрылғанына жиырма жыл толған іргелі ұйым Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысты алға тартты. Бұл бастаманың уақыттың ырғағымен, дәуірдің талабымен туып отырғандығын айту ләзім.
Мемлекетіміздің дамуы жолында талай жарқын істер мен болашаққа бағдарланған бағдарламалар жасалды. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясы, дағдарыстан даңғыл жол табуға бастайтын «Нұрлы жол» бағдарламасы. Бұл елімізде Мемлекет басшысының басшылығымен атқарылған істердің кішкене ғана мысалы. Тәуелсіздік тарихында еліміздің қазіргісі мен ертеңі үшін талай телегей тірліктер атқарылып, оның барлығының шарапатын қарапайым халық көріп келеміз. Біз ел тізгінін осыдан бірнеше жыл бұрын, яғни тәуелсіздік бастауында сенімді азаматымызға тапсырған болатынбыз. Осы тұрғыдан алғанда Ассамблеяның бастамасы құнды деп есептеймін. Біз аға буын өкілдер талай қилы заманның куәсі болдық. Соның ішінде Отанымыз алдындағы шынайы бақытты тәуелсіздік жылдары сезіндік. Ендеше, біздер ертеңі еңселі, келешегі кемел еліміздің Көшбасшысына сенеміз! Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын қолдаймыз. Үндеуіне үн қосамыз! Тәуелсіздігіміздің тұлғалы перзенттері аман болсын деп тілейміз! Жастардың болашағы жарқын болсын!
Тілеуқабыл Төребеков,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді