Жарнама сауатты болса
Бүгінде көшенің көркі тал-дарақпен бірге жарнамасымен де ашыла түсті. Бірақ солардың кейбіреуін оқиын десең, тілің күрмеліп қалады. Ал маңдайшаны оқысаңыз, қатеден көз сүрінеді. Кейбірі «Шұлық сатамын» деп сұлу бикештерді жалаңаштап отырғызып қояды. Сыртқы жарнама сауданың өтіміне оң әсер ететіні бесенеден белгілі. Алайда, әдепті де ұмытпағанымыз жақсы. Өйткені, мағыналы атаулардың да тәрбиелік мәні зор.
Тараз қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен жүргізілген тексеру барысында Абай, Төле би, Жамбыл даңғылы және өзге де көшелердегі сыртқы жарнаманың эстетикалық талғамға сай келмейтін тұстары анықталып, нысан қожайындарына олқылықтың алдын алуға үндеу хат жөнелтілді.
– «Қала келбеті» деп аталатын тексерістің мақсаты – сыртқы жарнама мәтініндегі қатені түзеу, яғни, түсіндіру жұмысын жүргізу. Олқылық анықталған нысан иесіне үндеу хат таратып ескерту. Егер де қожайындары мәтіннің дұрыс жазылу ережесін білмесе, бізден көмек сұрай алады, біз өз тарапымыздан көмектесеміз. Анықталған қатені түзеген-түземегенін он бес күннен соң айналып келгенде байқаймыз. Қателік жойылмаған жағдайда құқық қорғау органдарына хабар береміз, – дейді қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бастығының міндетін атқарушы Камила Абашева.
Нарықтық қоғамда бәсекені жарнама жеңіп тұрғаны шындық. Ал жақсы жарнама сауаттылықты талап етеді.
Қанат Тілепберген, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Батырдың ұрпағы болу - мақтаныш әрі жауапкершілік
- Бүгін, 06:16
Жапырағын кеңге жайған жанұя
- Бүгін, 06:08
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді