«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Өз өнімдеріміздің өрісін кеңейтейік

Өз өнімдеріміздің өрісін кеңейтейік
ашық дереккөз
Өз өнімдеріміздің өрісін кеңейтейік
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында еліміздің алдағы бағыт-бағдарын айқындап, тығырықтан шығудың тура жолын көрсетіп берген еді. Үкіметтің биылғы 11 ақпанда өткен кеңейтілген отырысында Елбасы әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыстың біздің елімізге де әсер етпей қоймайтынын, алайда, абыржуға ешқандай да негіз жоқ екенін қадап айтты. Осы жолда «Нұрлы жол» бағдарламасы біздің басты бағдарымыз болып қала бермек. Мемлекет басшысының отандық тауарлар өндірісін қолдау туралы үндеуі өте құптарлық бастама. «Қазақстанда жасалған» деген акцияны бастайық. Барлық сауда орындарында қазақстандық тауарлардың секциясы болсын. Қазақстандықтарға қиын жағдайда патриот болып, қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырайық. Баламалы түрде – бұл біздің азаматтарымыздың экономикамызға көрсеткен көмегі болады», – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы. Осы елде тұрып, өмір сүріп отырғаннан кейін қалайша біз өз өнімдеріміздің өрісін кеңейтпейміз? Ол түптеп келгенде, өз ырыс-несібеміз. Президенттің осы тектес оралымды ойлары әрбір азаматқа үлкен ой салады деп сенемін. Тәуелсіз еліміз гүлденіп, көркейе берсін! Мемлекетіміздің қарыштап дамуы жолында аянбай еңбек ете берейік!

Нұркен МЫРЗАЕВ, аудандық «Жастар орталығының» директоры.

Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар